Маңғыстаулық суретшілер Моңғолиядағы халықаралық экспедицияға қатысты

223

Қазақстандық суретшілер Моңғолияның табиғаты мен көшпенділер мәдениетін зерттеп, пленэр өткізді.  

Маңғыстаулық суретшілер Моңғолиядағы халықаралық экспедицияға қатысты Фото: ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Telegram

Маңғыстау облысының алты кәсіби суретшісі Моңғолияда өткен ART EXPEDITION – MONGOLIA 2026 "Көшпенділер ізімен" халықаралық арт-экспедициясына қатысты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Шығармашылық жоба көшпелі өркениеттің тарихы мен мәдениетін зерттеуге, халықаралық шығармашылық байланысты нығайтуға және тәжірибе алмасуға бағытталды.

Экспедиция барысында суретшілер Ұлан-Батыр қаласында, Тэрэлж ұлттық паркінде, Архангай аймағында, Орхон алқабы мен Гоби шөлінде пленэр өткізді. Жобаға моңғол суретшілері мен халықаралық өнер қауымдастығының өкілдері де қатысты.

Пленэр кезінде қазақстандық суретшілер Моңғолияның табиғатын бейнелеп, жергілікті халықтың мәдениеті, ұлттық салт-дәстүрі және тарихи мұрасымен танысты. Сондай-ақ көркемөнер галереялары мен ұлттық музейлерді аралады.

Қазақ және моңғол суретшілері шығармашылық жұмыстарын ортаға салып, кәсіби тәжірибе алмасты.

Жоба Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы мен Маңғыстау облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының қолдауымен ұйымдастырылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу