Маңғыстаулық теміржолшылар жалақыны көтеруді талап етуде

528

300 теміржолшы 180 мың теңге жалақыға риза емес.  

Маңғыстаулық теміржолшылар жалақыны көтеруді талап етуде

Маңғыстау облысы, Бейнеу стансасының теміржолшылары жұмысын тоқтатты. Басты талап- жалақы мәселесі. Биыл көктемде олар басшылықтан еңбекақыны 100% өсіруді сұраған болатын. Алайда мекеме бұл сұрақты әлі күнге дейін жауапсыз қалдырып келген.

300 теміржолшы 1 тамыздан бері жұмысқа шығудан бас тартты. Олар 180 мың теңге жалақы  маңдай терді ақтамайды деп санайды. Сонымен қатар жұмыс орнында көп жағдай ескерілмегенін айтады.

 "Ақпан айынан бастап компания Бейнеу жол дистанциясы мәселелерін шешумен айналысып жатыр. 2022 жылы сәуір айында татуластыру комиссиясы құрылып, оның шеңберінде қызметкерлердің бірқатар заңды талаптарын қанағаттандыру бойынша шаралар қабылданды. Бастамашыл топтың жалақыны 100% көтеру туралы талаптарын компания қаржының жетіспеушілігінен орындай алмайды. "ҚТЖ" ҰК" АҚ-ның кірістері негізінен белгіленген тарифтер есебінен қалыптастырылады. Өткен жылы алынған барлық пайда жалақыны көбейтуге бағытталды. Компания қызметкерлерімен ашық диалог жүргізіп, құқықтық саладағы жағдайды шешу үшін барлық шараларды қолданатын болады", – делінеді компания жолдаған хабарламада.

Жалақы 100 пайызға көтерілмесе де жұмысшылардың талаптары ішінара қанағаттандырылды.

Тасым Жаңай

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу