Оны төрт түліктің көңімен баптау арқылы "Биогумус" органикалық тыңайтқыштарын алады, деп жазады inbusiness.kz тілшісі.
Жер тыңайтуға арналған қызылқұрт өсіру арқылы, ерінбей еңбек етіп қазіргі таңда өз кәсібінің жемісін көруде. 2022 жылы 4000 литрден аса өнім алған кәсіпкер биыл 6000 литр өнім алуды жоспарлап отыр.
"Калифорниялық қызыл құрт – үй жануары сияқты зияны жоқ жәндік. Өсімдік қалдықтарының барлығымен қоректеніп, оны қара шіріндіге айналдырады. Шылаушынның өнімі - биогумус кез келген егін мен бау-бақшаны жайқалтып жібереді, диқан өнімді еселеп алады. Әсіресе, жылыжай егіндері мен гүлге беру өте пайдалы. Мұндай тыңайтқыш берілген жер төрт жылға дейін өзінің жоғары құнарлылығын сақтайды", - дейді кәсіпкер.