Маңғыстаулық тұрғындардан бекіре тұқымдас балық тәркіленді

552

 33,8 келіні құрайтын бекіреге ұқсас 9 балық тәркіленді. 

Маңғыстаулық тұрғындардан бекіре тұқымдас балық тәркіленді

Форт-Шевченко – Ақтау тас жолында көлікті тексеру барысында жүргізушіден салмағы 33,8 келіні құрайтын бекіреге ұқсас 9 балық тәркіленді.

Сонымен қатар Ақтау қаласының жергілікті тұрғынынан үш бекіре тұқымдас балық тәркіленіп алынды. Балық салмағы 11 келіні құрады. Аталған деректер ҚР ҚК-нің 339-бабы (Өсiмдiктердің немесе жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған түрлерімен, олардың бөліктерімен немесе дериваттарымен заңсыз айналысу) бойынша тіркелді. Өзге мәліметтер тергеу мүддесінде жария етілмейді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу