Маңғыстаулық тұрғыннан 1 миллион теңгеден астам қаржы бопсалаған күдікті ұсталды

442

Polisia.kz телеграм арнасының дерегіне сәйкес, Маңғыстау облысының тұрғыны өзін қорқытып, ақша талап етіп, бопсалаумен айналысып жүрген азаматқа қатысты полицияға арызданған. Ол азамат жәбірленушіден 1.600.000 теңге көлемінде қаражат талап еткен, деп жазады inbusiness.kz. 

Маңғыстаулық тұрғыннан 1 миллион теңгеден астам қаржы бопсалаған күдікті ұсталды Фото: google

Криминалдық полиция қызметкерлерімен жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде 30 жастағы күдіктінің жеке басы анықталып, ұсталды. Тінту жүргізу барысында күдіктінің заңсыз әрекеттерін растайтын 200.000 теңге ақшалай қаражат тәркіленіп алынды. 

Аталған дерек ҚР ҚК 194-бабы 1-бөлігімен СДТБТ-де тіркелді. Өзге мәліметтер тергеу мүддесі үшін жария етілмейді", делінген ақпаратта.
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу