Маңғыстаулық тұрғыннан 152 келі бекіре балығы тәркіленді

587

"Ақтау-Форт-Шевченко" тас жолының 100/32 шақырымында "Mitsubishi Delica" маркалы автокөлігін тоқтатқан тәртіп сақшылары 34 дана бекіре тұқымдас балықты тәркіледі.  

Маңғыстаулық тұрғыннан 152 келі бекіре балығы тәркіленді

Автокөліктен табылған су маржандарының жалпы салмағы – 152 келі. 

"Қызыл кітапқа" енген құнды балықтарды заңсыз аулап, сақтағаны үшін үшін кінәліге қатысты ҚР ҚК-нің 339-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды.

Күдікті өсiмдiктердің немесе жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған түрлерімен, олардың бөліктерімен немесе дериваттарымен заңсыз айналысу дерегі бойынша айыпталып отыр.

Тасым Жаңай

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу