Маңғыстаулық тұрғыннан 198 дана киік мүйізі тәркіленді

499

Маңғыстау облысының Бейнеу ауылында жедел-профилактикалық іс-шара барысында киік мүйіздерінің заңсыз айналымын жүзеге асырды деген күдікпен жергілікті тұрғын ұсталды, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Маңғыстаулық тұрғыннан 198 дана киік мүйізі тәркіленді

Жеке меншік үйде тінту кезінде 198 дана киіктің мүйізі тәркіленді. Аталған дерекі бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 339- бабының 1-бөлігімен "Жойылып кету қаупі төнген жануарлар түрлерін, олардың бөліктерін немесе дериваттарын заңсыз аулау, сатып алу, сақтау және өткізу" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жария етілмеді.

Естеріңізге сала кетейік, қолданыстағы заңнамаға сәйкес, киіктерді заңсыз аулау, өндіру, сатып алу, сақтау, өткізу, тасымалдау үшін мүлкін тәркілей отырып, 3 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.

Тасым Жаңай

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу