Маңғыстаулық тұтынушылардың 17 млн теңгеге жуық қаражаты қайтарылды

464

Бұл туралы Маңғыстау облыстық тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің басшысы Рауан Мұхаев айтты, деп жазады inbusiness.kz тілшісі.  

Маңғыстаулық тұтынушылардың 17 млн теңгеге жуық қаражаты қайтарылды Фото: egemen.kz

Оның айтуынша, 2022 жылы тұтынушылардан 796 өтініш түскен. Оның 306-і қанағаттандырылды. Осының негізінде тұрғындарға 16 685 997 теңге қайтарылды. Бұл алдыңғы жылмен салыстырғанде үш есе көп.

Құқықбұзушылықтардың дені - кәсіпкерлердің тұтынушы шағымына жауап бермеуі екен. Өткен жылы 8 ірі және орта кәсіпкерлік субъектісіне қатысты тексеру жүргізілген. Тұтынушылардың талабы толығымен қанағаттандырылған. 

Өтініштерге жүргізілген талдау негізінде мамандар тұтынушылардың құқықтарын бұзудың негізгі себептерін анықтады. Олар: тұтынушы ретінде халықтың құқықтық сауаттылығының төмендігі және кәсіпкерлік субъектілерінің "Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы" заңды білмеуі және сақтамауы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу