Маңғыстаулық тұтынушыларға 31 млн теңге қайтарылды

430

Биыл 8 ай ішінде 1302 өтініш жолданған.

Маңғыстаулық тұтынушыларға 31 млн теңге қайтарылды Фото: inbusiness.kz

Маңғыстау облысы бойынша сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментіне биыл 8 ай ішінде 1302 өтініш жолданған.

Осы өтініштердің аясында, тұтынушыларға 31 820 554 теңге қайтарылды. Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департментінің басшысы Рауан Мұхаевтің хабарлауынша, тұрғындардан жазбаша - 393, Телеграм – Бот арқылы – 34, жеке қабылдауда – 380 және жедел желі бойынша консультация – 495 өтініш келіп түскен. Департамент 1 302 өтінішті қарады. Оның 725– і қанағаттандырылды, 504 – і түсіндірілген.

“Қазіргі таңда тұтынушылар интернет дүкендерден киімдерге және өнімдерге тапсырыс береді. Алайда кейбір тұрғындар әлеуметтік желіде алданып қалып жүргендеріне біз куәміз. Сол себепті, тапсырыс бергенде өте мұқият болуыңызды сұраймыз. Жалпы Департмант "Сауда қызметін реттеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңы бойынша 22, ҚР "Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы" Заңы аясында 1, барлығы 23 тексеріс жүргізді. Биыл заң талаптарын орындамаған 21 кәсіпкерлік субьекті әкімшілік жауапкершілікке тартылды”,- деді Рауан Мұхаев. 

"Маңғыстау облыстық тұтынушылардың құқықтарын қорғау қоғамы" ҚБ төрағасы Никар Рафикова тұтынушы құқығы туралы айтып өтті. 

“Бүгінгі таңда тұтынушылар құқығын қорғау саласы еліміздегі ең проблемалы бағыттардың бірі. Оның негізгі себебі: азаматтардың өз құқықтары мен заңды білмеулері, тараптардың шиеленістерді шешудегі қиындықтары, тұтынушылардың дауларды шешу кезінде әрекет алгоритмін білмеулері. Саланың оң нәтижелі жұмыс істеуіне ықпалдасу мақсатында 2021 жылдан бері тұтынушылар құқығын қорғайтын бірыңғай ақпараттық жүйе жұмыс істеп келеді. Сіздердің құқықтарыңыз бұзылған жағдайда  e-tutynushy.kz онлайн – платформасына өтініштеріңізді жоладай аласыздар. Аталған ұйым өз кезегінде сіздің өтінішіңізді қарап, көмек көретуге міндетті. Әйтпеген жағдайда өтініш сіздің тұтынушылық құқықтарыңызды қорғау үшін қажетті заңды шаралар қолданатын жауапты мемлекеттік органға барып түседі”, - дейді Никар Рафикова.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу