Маңғыстаулық ұстаздар бір күндік еңбекақысын Түркияға көмекке ретінде аударады

666

Түркияда болған қайғылы оқиғаға ұстаздар қауымы да бей-жай қарамайды.      

Маңғыстаулық ұстаздар бір күндік еңбекақысын Түркияға көмекке ретінде аударады Фото: egemen.kz

Маңғыстау облысы білім басқармасының басшысы Динара Жұмашева еңбекақысының бөлігін зардап шеккен азаматтарға көмек ретінде аудару жөнінде шешім қабылдады, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Оның бастамасын басқарма қызметшілері, білім бөлімдерінің басшылары, барлық білім беру ұйымдарының директорлары мен ұстаздар қауымы бірауыздан қолдап, бір күндік еңбекақыларын көмек ретінде аудару туралы шешім қабылдады.

"Біздің бауырлас елде адамдар қайғы жұтып, үйсіз-күйсіз қалды. "Көп түкірсе көл" демекші, бір күндік жалақымыз аз да болса, қиындықтарын сейілтуге көмек болсын деген ниеттеміз. Әсіресе, балаларға, аналарға қажетті заттарына, денсаулығына, дәрі-дәрмекке жұмсалса да көмек болады",- дейді ұстаздар.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу