Велошабандоздың құрметіне ауыл жастарымен кездесу ұйымдастырылды. Жиын барысында жиһангез сапар кезінде аралаған жерлері мен қызықты оқиғаларды айтып берді.
"Басты мақсат – ішкі туризмді дамыту. Мен саяхат кезінде "Бейнеу-Шалқар-Торғай-Нұр-Сұлтан" бағытын араладым. Әр өңір ерекше қарсы алды. Әр жердің өзіндік ерекшелігі бар. Өте қатты ұнады. Осы орайда жастарды бос уақытты тиімді жұмсап, спортпен шұғылдануға шақырамын", – деді Рәббім Борашев.
Кәсіпкер енді еліміздің шығысына саяхаттауды жоспарлап отыр. Сондай-ақ велосаяхат жайында кітап жазуға ниетті. Аудан әкімінің орынбасары Рақымжан Шалабаев саяхатшыға Бейнеу ауданының "Бірінші велошабандозы" деген жазуы бар спорттық киім мен жаңа велосипедті сыйға тартты.
Алмас Қылыш