Маңғыстаулық велошабандоз 4500 шақырымдық жолды жүріп өтті

626

Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданының тумасы, Қазақстанның құрметті құрылысшысы, 62 жастағы Раббим Борашовтың "Қарт Каспийден Өр Алтайға" атты велосапары аяқталуға жақындады. 

Маңғыстаулық велошабандоз 4500 шақырымдық жолды жүріп өтті

Биыл маусым айынан бастап жалғасқан велосапар Нұр-Сұлтан, Қарағанды-Қарқаралы арқылы Абай мен Шәкәрім тарихи-мемориалды кешеніне соғып, жаңа облыс орталығы Семей қаласына аяқ басты. Содан соң Өскемен-Қатон-Қарағай бағытымен Берел қорғаны арқылы Қарақөлге жетті.

Велошабандоз 4500 шақырымды артқа тастап, сапардың соңғы мәресі Өр Алтайдың Мұзтауына да таяды. Алда 40 шақырымдай жол қалды. Велошабандоз қалған жолды атпен жүріп жетуді жоспарлап отыр. 

"Ақтау-Мұзтау" велосапарының негізгі мақсаты – ата-бабалардың жүрген жолымен, басқан ізімен жүріп өту. Қазақтың ұланғайыр даласын велосипедпен шарлап, жол-жөнекей киелі жерлер мен елдерге соғып, аққулы көлі мен қаңбақты шөлін өз көзіммен көру, сезіну еді. Осы арқылы ішкі туризмді дамытуға үлес қосып, қазақ даласының кереметтерін әлемге паш ету. Бұған қоса салауатты өмір салты мен тарихи мұраларымызды насихаттау. Алшақ жатқан елді-мекендерді орталыққа тас жолдармен байланыстыруды, жаңа ұрпаққа жеріміздің кеңдігі мен тарихымыздың байлығын дәріптеу секілді миссиялардан тұрады",  деді велосаяхатшы Раббим Борашов.

Саяхатшы сапарға шығуды алғаш рет 2020 жылы бастаған болатын. Сол кезде киелі Маңғыстаудан басталған жол Шалқар елді мекені арқылы Торғай даласына жалғасты. Атбасар арқылы 2021 жылы Нұр-Сұлтан қаласына жетіп тоқтаған болатын.

Тасым Жаңай

туризм,қоғам, 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу