Маңғыстаулық ветеринарлар шаруаларды төрт түлігін тіркеуге шақырады

974

Бүгінгі таңда Маңғыстау облысында 639 493 мал басы тіркелген.  

Маңғыстаулық ветеринарлар шаруаларды төрт түлігін тіркеуге шақырады

Арнайы тізімге енбегендері де баршылық. Ауылшаруашылығы жануарларын бірдейлендіру базасына тіркелмеген малға мемлекет тарапынан субсидия немесе қолдау көрсетілмейді. Бұл туралы Маңғыстау облысы ветеринария басқармасының басшысы Бердібек Марқабаев мәлім етті. Қазіргі қуаңшылықтан зардап шеккендер шаруаларға тек қана тіркелген малдары үшін көмек берілуде.

Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру дегеніміз – арнайы дерекқорға ауыл шаруашылығы жануары туралы мәлiметтердi енгiзу арқылы есепке алу.  Яғни ірі-ұсақ малдарға сырғалау, таңбалау арқылы жеке нөмiр мен құжат беріледі. Бірдейлендіру дерекқорына ірі шаруа қожалықтарымен қатар жеке үй қожалықтарының төрт түлігі де тіркелуі қажет. Тіркелген мал басына салық төленбейді.

"Әрбір мал иесі тұрғылықты жері бойынша ветеринарлық мамандарға жүгініп, өзінің малын деректер базасына енгізуі тиіс. Егер мал тіркелмеген болса, біз түрлі жұқпалы ауруларға қарсы ветеринариялық-профилактикалық іс-шаралар жүргізе алмаймыз. Тиісінше, жануарлардың иелеріне тасымалдауға, сатуға, союға және т.б. ветеринариялық рұқсат құжаттары берілмейді", - деді облыстық ветеринария басқармасының басшысы Бердібек Марқабаев.

Қазіргі уақытта нақты жасы анықталған жануарларды тіркеуге алу туралы 38 954 өтініш келіп түсті. Төрт түлікті базаға енгізуге "Жасыл дәліз-2" қызметі ашылды.

Алмас Қылыш

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу