Байқау комиссиясының шешімімен 10 талапты жас шетелге аттанады. Байқауға 101 адам өтінім берген. Оның ішінде 50 өтінім техникалық іріктеуден өтті.
"Байқаудың негізгі мақсаты – өңірдегі жас көшбасшылардың шетелдік тағылымдамадан өтіп, тәжірибе алмасуына мүмкіндік жасау. Сол арқылы жастарды жетістікке жетуге, инновациялық жобаларды жүзеге асыруға шақыру. Өңір дамуына және әлеуметтік мәселелерді шешуге деген ынтаны арттыру. Енді маңғыстаулық үздік жастар жақында Қырғызстан және Грузия елдеріне барып, тәжірибесімен танысады. Сапар барысында алған білім мен жаңашылдықты өз саласына енгізіп, жастардың дамуына арналған жобаларды жандандыруға ат салысады", – дейді жоба жетекшісі Алмаз Жақсылық.
Тасым Жаңай
#Жастар #Инновация #Қоғам