Маңғыстаулық жұмыссыздар Президентке үндеу жолдады

499

Маңғыстау облысы, Қарақия ауданы, Жетібай ауылының 100 шақты жұмыссыз тұрғыны наразылыққа шықты. 

Маңғыстаулық жұмыссыздар Президентке үндеу жолдады Фото: inbusiness.kz

Алғаш рет қазақ мұнайы игерілген ауылда екі қолға бір күрек таппай жүргендер Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа үндеу жолдады.

"60 жылдан астам мұнай өндіретін Жетібай ауылының азаматтары жұмыссыз жүр. Қазір азық-түлік, тұрмыстық заттар түгел қымбат. Әлеуметтік жағдайымыз бүйірден қысып барады. Мұнай саласынан тұрақты, болашағы бар жұмыспен қамтамасыз етуіңізді талап етеміз",- дейді жұмыссыздар.

Олар мәселені шешуде жергілікті биліктен қайран болмай тұрғанын жасырмады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу