Маңғыстаулықтар 1,2 млрд теңге көлік салығына қарыз

485

Енді  Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті қарыздарды 26 мамырдан бастап мәжбүрлеп өндіріп алуға кіріседі.

Маңғыстаулықтар 1,2 млрд теңге көлік салығына қарыз     Фото: inform.kz

Маңғыстауда борышкер ретінде 51 мың адам анықталды. Олар 1,2 млрд теңгеден астам сомаға көлік салығына қарыз. 26 мамырдан бастап берешек сомасы 1 АЕК-тен, яғни 3450 теңгеден асатын борышкерлердің тізімдері өндіріп алу үшін сот орындаушыларына жіберілетін болады.

"Заңнамаға сәйкес сот орындаушылары банктік шоттар мен мүлікке тыйым салуға құқылы. Сондай-ақ, 40 АЕК-тен 138 000 теңге берешек сомасы кезінде ҚР-дан шығуға тыйым салынуы мүмкін. Бұдан басқа, жеке сот орындаушылары берешек сомасынан басқа, қарыздың 25% - на дейінгі мөлшерде қосымша төлем өндіріп алады", - дейді Маңғыстау облыстық кірістер департаменті өкілдері.

Азаматтар берешектің жоқтығына көз жеткізу үшін E - Salyq Azamat → электрондық сервистер → салықтық және әлеуметтік төлемдер бойынша берешек сервисі → ЖСН енгізу бойынша мобильді қосымшаның көмегімен салықтар бойынша берешектің болуы не болмауы туралы мәліметтерді тексере алады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу