Маңғыстаулықтар аудан әкімін қолдап ереуілге шықты

1895

Шетпе кентінде Маңғыстау ауданының әкімі Тілек Көшмағанбетовті қолдаған көпшілік алаңға шықты.  

Маңғыстаулықтар аудан әкімін қолдап ереуілге шықты

Олар аудан әкімін орнынан алмауды талап етуде. Егер шенеунікті қызметінен босатар болса, облыс орталығына барып наразылыққа шығуға дайын екендерін жеткізді. Осылайша, шенеуніктің аудан дамуы үшін атқарып жатқан жұмыстарына риза екендерін айтуда.

Әлеуметтік желілерде де үш күннен бері қызу талқылау жүріп жатыр. Кейбіреулер әкім мемлекеттік қызметкердің этикасын бұзды десе, көпшілігі жағдайды толық зерттеу қажет, бұл жергілікті кадрларды құртуға арналған тактика деп шулауда.

Халықтың осылайша, толқуына кейбір ақпарат көздерінде, қазіргі аудан әкімі қызметінен босатылады деген жаңалықтың таралуы себеп.

Айта кетейік, Маңғыстау ауданы әкімі Тілек Көшмағанбетовтің Ақтауда 17 шағын ауданда элиталық үйлердің бірінің күзетшісін ұрып-соғып, жанжал болған видеосы тараған болатын. Әлеуметтік желі қолданушылары мен қоғам белсенділері бейнежазбадағы азамат аудан әкімі емес деп, таспаны терең зерттеп, толық нұсқасын қаруды талап етті. Кейбір нұсқаларда бұл облыс әкімі Нұрлан Ноғаевтың орынбасарларының бірі екендігі айтылды. Ал Маңғыстау облысының әкімдігі орынбасарларға қатысты ақпаратты жоққа шығарды. Қазір бұл жағдай бойынша қызметтік тексеріс басталды.

Тасым Жаңай

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу