Маңғыстаулықтар Түркия еліне көмек қолын созды

786

Маңғыстау облысының тұрғындары Түркияда жер сілкінісінен зардап шеккендерге қолдау білдіріп, көмек қолын созуда.

Маңғыстаулықтар Түркия еліне көмек қолын созды

Түркия Республикасының Ақтау қаласындағы бас консулы Сабри Альптекиннің айтуынша, бауырлас түркі еліндегі апатқа байланысты қаржылық және материалдық көмек науқаны өңірде 7 ақпаннан басталған. Ал 8 ақпан күні Түркияның Ақтаудағы бас консулдығында көңіл айту кітабы ашылды. Онда өңірдегі белгілі азаматтар бауырлас халқының қайғысына ортақтасып, көңілдерін білдіруде.

“Облыс және Ақтау қаласының тұрғындары өздерінің көмектерін барынша тигізіп жатыр. Қол созғысы келетін жандарға, киіммен гигиеналық құралдарды қазіргі таңда жеткізу қиынға соғуы мүмкін екенін айтқым келеді. Себебі, зілзаладан соң көптеген жолдар қирап, әуе қатынастары жабылған.  Жиналған гуманитарлық көмекті шекарадан өткізу екі есе қымбатқа шықпақ. Сондықтан, көмек көрсеткісі келетін азаматтарға қаржылай аударым жасаған тиімдірек екенін жеткізгім келеді”, - дейді Сабри Альптекин.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу