Маңғыстаулықтардың электронды саудаға шағымы көбейді

425

Маңғыстау облысында соңғы айда  "Wildberries" және  "Kaspi.kz" электронды сауда алаңдарына қатысты мәселелер жиі қозғалды. 

Маңғыстаулықтардың электронды саудаға шағымы көбейді Фото: gov.kz

"Wildberries" ЖШС-нан шағым негізінде 3 177 201 теңге қайтарылды. Барлығы 203 өтініш келіп түскен. Оның 139-ы қанағаттандырылды, 7 -уі түсіндірілді, 53- қаралу үстінде.

"Қазіргі таңда электрондық сауда бойынша  көптеген мәселелер бой көтерді. "Kaspi. kz" дүкені арқылы сауда жасаған жағдайда, сақ болуға шақырамын. Мысалы, сатушы арқылы сатып алатын тауар жөнінде толық мағлұматты біліп алу қажет. ҚР "Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы" Заңы аясында өткен жылдың шілде айында ҚР ӘҚБтК 190-бабы, 5-бөлігінің 2-тармақшасына сәйкес 13 тексеріс ашылып, тұтынушының сұранысы қанағаттандырылды", - дейді Маңғыстау облыстық сауда және тұтынушылардың кұқықтарын қорғау департаментінің басшысы Рауан Мухаев.

Осы мәселеге  байланысты тұтынушыларға қатысты ескертпелер бар. Бүгінгі таңда, тұтынушылар құқығын қорғау саласы еліміздегі ең күрделі бағыттардың бірі.                                                                                             

"Оның негізгі себебі: азаматтардың өз құқықтары мен мүдделерін білмеуі, тараптардың шиеленістерді шешудегі қиындықтары, тұтынушылардың дауларды шешу кезінде әрекет алгоритмін білмеулері болып саналады. Салада  нәтижелі жұмыс жасау мақсатында 2021 жылдан бері тұтынушылар құқығын қорғайтын бірыңғай ақпараттық жүйе жұмыс істеп келеді",- деп атап өтті "Маңғыстау облыстық тұтынушыларын құқықтарын қорғау" қоғамдық бірлестігінің төрайымы Никар Рафикова.                         

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу