Маңғыстаулықтарға хирургиялық ота тегін жасалады

1307

Маңғыстаулықтарға хирургиялық ота тегін жасалады

Маңғыстау өңірінің тарихында алғаш рет ағзаның зәр шығару жолына лапароскопиялық ота жасалды. Бұған дейін бүйректегі тасты алу үшін денеге ұзындығы 20 сантиметрлік тілік жасалатын. Ол науқастың тез сауығуына кедергі келтіретін, деп хабарлайды Хабар 24.kz

Лапароскопия әдісі бойынша ота жасатқан науқас келесі күні-ақ аяғына тік тұрып, бірер аптада дертінен құлан-таза айығып кетеді.

Облыстық ауруханадағы урология бөлімшесі жыл басынан бері 10 адамға медициналық көмек көрсетті. Жаңа технология қоданудың нәтижесінде  денеге тілік түсіретін ота саны 15% - ға азайған.

- Осы жылы лапароскопиялық әдіспен жасалатын ота санын көбейтуді жоспарлап қойдық. Тек қана несеп жолдарына байланысты емес, хирургиялық оталардың да санын көбейткіміз келіп отыр және отаның  барлығы Маңғыстау тұрғындарына тегін жасалады, – дейді облыстық аурухана директорының орынбасары Мұхамеджан Нұрғазиев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу