banner

"Маңғыстаумұнайгаздың" бас директоры тағайындалды

1357

"Маңғыстаумұнайгаз" АҚ Директорлар кеңесінің шешімімен компанияның бас директоры болып Дәулетжан Хасанов тағайындалды, деп хабарлайды inbusiness.kz "ҚМГ" баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Маңғыстаумұнайгаздың" бас директоры тағайындалды

Дәулетжан Кеңесұлы Хасанов 1971 жылы 21 қазанда дүниеге келген.

Батыс Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы институтын "экономист" мамандығы бойынша және Атырау мұнай және газ институтын "Тау-кен инженері" мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын бас есепші ретінде бастаған. "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ компаниялар тобында 20 жылдан астам еңбек етіп келеді.

Әр жылдары "Ембімұнайгаз" АҚ, "Өзенмұнайгаз" АҚ, "Қазгермұнай" БК" ЖШС және "Қаражанбасмұнай" АҚ жауапты басшылық лауазымдарда қызмет атқарды.

"Маңғыстаумұнайгаз" АҚ Бас директоры болып тағайындалғанға дейін "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ Мұнай және газ өндіру департаментінің директоры лауазымында жұмыс істеді.

Айта кетейік, "Маңғыстаумұнайгаз" АҚ акционерлері келісімінің ережелеріне сәйкес жоғарғы буын және құрылымдық бөлімшілер басшыларын тағайындау құқығы 3 жыл сайын кезекпен ауыстырып тұру қарастырылған. Компанияның бұрынғы бас директоры Лю Цзиньчэн 2018 жылдың қараша айында тағайындалған болатын

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу