Компанияда акционерлердің келісімі бойынша ротация үш жыл сайын жүргізіледі.
"2024 жылы 2 желтоқсанда кезектілік негізінде "Маңғыстаумұнайгаз" АҚ директорлар кеңесінің шешімімен Вэнь Цзяцзюнь ММГ бас директоры болып тағайындалды", – делінген хабарламада.
Цзяцзюнь 1978 жылы 19 қыркүйекте Қытайда дүниеге келген. Геология және пайдалы қазбаларды барлау саласында техника және технология магистрі дәрежесін алып, И.М. Губкин атындағы Ресей мемлекеттік мұнай және газ университетін бітірген.
Оның еңбек жолы 2005 жылы CNDOC компаниясында басталды. 2005-2024 жылдар аралығында "SNPS – Ай Дан Мұнай" АҚ-да жетекші супервайзерден компанияның президенті қызметіне ауысты. 2024 жылдың мамыр айынан желтоқсан айына дейін "Маңғыстаумұнайгаз" АҚ бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды.
Компания мәліметінше, Болат Сейітмағанбетов "Маңғыстаумұнайгаз" АҚ бас директорының бірінші орынбасары болып тағайындалды.
Болат Сейітмағанбетов 1971 жылы 12 ақпанда Маңғыстау облысында дүниеге келген. Қазақ политехникалық институтын және Алматы менеджмент университетін бітіріп, іскерлік басқару магистрі дәрежесін алды. Болат Сейітмағанбетов 1993 жылы еңбек жолын "Қаламқасмұнайгаз" кәсіпорнында операторлық қызметтен бастап, қызметте цех пен өндірістік бөлімшенің басшысына дейін көтерілді. 2022 жылдың ақпанынан 2024 жылдың желтоқсанына дейін "Маңғыстаумұнайгаз" АҚ "Жетібаймұнайгаз" өндірістік басқармасының бастығы қызметін атқарды.
Айта кетейік, бұған дейін Мұрат Мұстафаев "Маңғыстаумұнайгаздың" бас директоры қызметін атқарып келді.