"Маңғыстаумұнайгазға" 32 миллиард теңге айыппұл салынды

175

Қоршаған ортаға зиян келтіргені үшін ірі мұнай компаниясы қомақты айыппұл арқалады. 

"Маңғыстаумұнайгазға" 32 миллиард теңге айыппұл салынды  Фото: freepik.com

Маңғыстау облысы прокуратурасының тексеруі нәтижесінде "Маңғыстаумұнайгаз"  АҚ-ның табиғат қорғау заңнамасын өрескел бұзғаны анықталып, сот компанияға 32,2 миллиард теңге көлемінде айыппұл салуға қаулы етті, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Маңғыстау облысы прокуратурасы "Маңғыстаумұнайгаз" АҚ-ның ағынды суларды заңсыз жер қойнауына жіберу және бұрғылау қалдықтарын тиісті шектеусіз жинақтау фактілерін анықтады. Бұл әрекеттер қоршаған ортаға айтарлықтай зиян келтірген.

Прокуратураның қолданған шаралары нәтижесінде, 2024 жылғы 4 желтоқсанда сот компанияны Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 328-бабына сәйкес әкімшілік жауапқа тартып, 31 миллиард теңге айыппұл салды.

Сонымен қатар, мұнай жылыту пештерінен шамадан тыс зиянды заттардың бөлінуі де тіркелді. 2024 жылғы 11 желтоқсанда сот бұл факті бойынша компанияны тағы да әкімшілік жауапқа тартып, қосымша 1,2 миллиард теңге айыппұл салу туралы шешім шығарды.

Барлық айыппұлдар туралы сот актілері заңды күшіне енді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу