Total мұнай газ компаниясының Тунистегі бөлімінің бас директоры болып 36 жастағы қазақ Мансұр Жақыпов тағайындалды, деп хабарлайды "Хабар 24".
Бұл – 69 жылда алғаш рет осы елдегі Total компаниясының басшысы болып өзге елдің азаматының тағайындалуы.
Айта кеткен жөн, Францияның жоғарғы оқу орынында білім алған Жақыпов бұған дейін Total-дің Парижедгі штаб-пәтерінде және Габон, Нигер, Ангола секілді елдерде жетекші қызметтерде болған. Ал француздық Total компаниясы әлемде мұнайды өндіру бойынша Royal Dutch Shell, British Petroleum және ExxonMobil компаниясынан кейін төртінші орынды иеленеді.