Мантының ішінен флешка табылды

1174

Тергеу изоляторындағы күйеуіне әйелі осылайша флешка беріп жібермек болған.

Мантының ішінен флешка табылды

17.09.2022 жылы жергілікті уақытпен сағат 12:30 шамасында Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментінің №68 мекемесінде (тергеу изоляторы) сәлем-сауқат қабылдау бөлмесіндегі бақылаушы қызметкерлері тыйым салынған заттың ішкі ғимаратқа өтіп кетпеуінің алдын кесіп, құқық бұзушылыққа жол бермеді. 

Заңға қарсы іс-әрекетке бармақ болған бұл азаматша, мекеме қамауында отырған, ҚР ҚК- нің 297 бабы 3 бөлігі 1,3 тармағымен айыпталушы 1980 ж. туылған азаматқа  сәлемдеме әкелген әйелі болып шықты. 

Мекеменің қырағы бақылаушылары әкелінген сәлем-сауқаттарды жіті қадағалау барысында, ыстық манты ішінен фольгаға оралған 1 дана сұр түс флешканы жасырып қойғанын анықтады.

Анықталған факт бойынша бөлім қызметкерлері дер кезінде ҚР ӘҚБ-481-бабының 1-бөлігі бойынша хаттама толтырып, ісін сотқа жолдады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу