Мануэль Вальс праймеризде жеңіліс тапты

879

Мануэль Вальс праймеризде жеңіліс тапты

Президенттік таласқа қатысу үшін премьер-министр қызметінен кеткен Мануэль Вальс Социалистік партия праймеризінде жеңіліс тапты. Ол елдің бұрынғы білім министрі Бенуа Амонға жол берген. Енді президент сайлауына Социалистік партия атынан Бенуа Амон қатысады, деп хабарлайды 24Хабар.

Партия ішіндегі праймериз бірер күн бұрын өткен. Қорытындысы бойынша жеңімпаз атанған Амон дауыс берушілердің 58,5 пайыз қолдауына ие болған. Ал экс-премьер Мануэль Вальс 41,5 пайыз дауыс жинады. Айта кетейік, Франциядағы президент сайлауы екі кезеңнен өтеді. Оның алғашқысы 23 сәуірге, ал екінші кезеңі 7 мамырға жоспарланған.

"Солшылдардың праймеризі соңына жетті. Бенуа Амон айқын басымдыққа ие болды. Оны шын жүрегіммен құттықтаймын. Көп ұзамай партияның штаб-пәтерінде арнайы жолығамын. Енді Амон – социалистік партиясы атынан президенттікке үміткер. Партияласымыз халықтың қолдауына ие болуы керек. Бұл жолда оған сәттілік тілеймін", –  деді Францияның бұрынғы премьер-министрі Мануэль Вальс.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу