Маңызды әлеуметтік нысандардың құрылысы тоқтап қалуы мүмкін

Бюджеттен қаржыландырылатын 230 нысанда құрылыс жұмыстарының мерзімі ұзартылды. Оның бір себебі – құрылыс құнының қымбаттауы.  

Маңызды әлеуметтік нысандардың құрылысы тоқтап қалуы мүмкін Фото: gov.kz

Сенатор Серік Өтешовтің айтуынша, 2022 жылы өткен жылмен салыстырғанда құрылыстағы бағаның өсуі 3,4 пайызды құраса, басқа жұмыстар мен құрылыстағы шығындардың қымбаттауы 7,7 пайызды құраған.

Оның үстіне мұндай қымбаттауды заң бойынша жергілікті бюджеттен қаржыландыру керек.

"Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, келесі сұрақтар туындайды: Үкімет көрсетілген жағдайды қалай шешуді жоспарлап отыр? Қазір Үкімет әзірлеп жатқан жаңа Бюджет кодексінде жергілікті және республикалық бюджеттен әлеуметтік маңызы бар нысандарды салу жобаларының қымбаттауын қоса қаржыландыру мүмкіндігін көздеуге бола ма?", - деді сенатор Үкімет мүшелеріне қойған сұрағында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу