28 қарашада елордалық "Астана" мен англиялық "Манчестер Юнайтед" ФК арасындағы УЕФА Еуропа Лигасы футбол матчының өтуіне байланысты қалада қоғамдық көліктер жұмысы күшейтілді, деп хабарлайды "Астана LRT" сайты.
"Матч кезінде жанкүйерлер көп болады деп күтілуде. Сол үшін 8 қалалық және бір қала сыртына қатынайтын автобус жүреді. Сондай-ақ Sport Shuttle Bus арнайы бағдарларын іске қостық", – деп хабарлады компанияның баспасөз қызметі.
Одан бөлек бүгін №10, 12, 28, 37, 40, 51, 53, 60 және 303 бағдарларының жұмысы күшейтіледі.
Sport Shuttle Bus №№ 801, 802, 803 және 804 бағдарлары қаланың келесі нүктелерінен қатынайды: "Бал бала" б/б - №167 көшесі, 5/1; "Көктем" СҮ - Бөгенбай батыр даңғ, 34; ТРЦ "Аружан" СОС – Жансүгіров, 8/1; "Строймарт" г/м - Қошқарбаев даңғылы - Құдайбердіұлы көшесі қилысында. Жолаушыларды жинау уақыты 20.00-ден 21.00-ге дейін.
№ 801, 802, 803 и 804 арнайы автобустардың бағдарларын AstraBus қосымшасынан көруге болады.
Бұл бағдарлар жанкүйерлердің жолға және көлік қоятын тұрақтар іздеуде уақытын үнемдеуге мүмкіндік береді. Sport Shuttle Bus билет бағасы қаладағы автобустардың бағаларымен бірдей.