Манзоров ісі әлі қаралып жатыр

1123

Алматы облысы әкімінің орынбасары Бағдат Манзоровтың ісі жылы жабылмайтын тәрізді.  

Манзоров ісі әлі қаралып жатыр

Манзоров ісі бойынша Бас прокуратура мен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттік текетіресі жалғасып жатыр, деп хабарлайды Atameken Business.

Бағдат Манзоров ісін соңына дейін жеткіземіз. Бүгін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары осылай деді. Олжас Бектенов оған ұлттық бюроның айғақтары жеткілікті екенін айтты. Қазір агенттік Бас прокуратураға жіберген екінші шағымның жауабын күтіп отыр. Бұған дейін жіберілген бірінші арызды Бас прокуратура қабылдамай, өткен аптада кері қайтарған болатын. Сондай-ақ, "бұл істе қылмыстық негіз жоқ" деп танып, оны тоқтататындығын мәлімдеген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу