Бұл Диего Марадонаның клубтық киімдерінің арасындағы ең қымбат сату саналып тұр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Осылайша, аргентиналық шабуылшының футболкасы Matchday Football Auctions аукционында 152 мың евроға сатылған.
Ол ойын жейдесімен Марадона "Барселона" сапында 1984 жылғы Испания Кубогының финалдық матчында ойнаған. Ойын соңы төбелеске ұласып, футболшының киімі жыртылған еді.
Қызығы сол, лот сипаттамасына сай, жейдені киіну бөлмесінен клуб қызметкері тапқан. Жуған кезде жөндей алмағандықтан, оны сақтаған көрінеді. Кейін танысына сыйлайды, мұрагерлікпен оның ұлына жетіп, аукционға қойылған.
Еске салайық, Марадона 2020 жылы 60 жасында қайтыс болды. Аргентиналық футболшы 1986 жылы әлем чемпионы атанды, "Барселона" сапында Испания Кубогы мен Суперкубогын жеңсе, италиялық "Наполи" клубымен ол 2 рет Италия чемпионы атанды. Кубок, Суперкубок және УЕФА Кубогын да иеленген.