Марафон өткізудің "майталманы"- Елена Блиновская ұсталды

658

Ресей Федерациясының Тергеу комитетінің Telegram-каналында хабарлағандай, "марафон ханшайымы " Елена Блиновская аса ірі мөлшерде салық төлеуден жалтарды деген күдікпен ұсталды. 

Марафон өткізудің "майталманы"- Елена Блиновская  ұсталды Фото: РИА Новости

Ресейде блогер, коуч Елена Блиновскаяға салық төлеуден жалтару туралы қылмыстық іс қозғалып, ол елден кетпек болған, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Елена Блиновскаяны құқық қорғау органдарының қызметкерлері Ресей Федерациясының шекарасынан бұрын жалға алған көлігімен өтпек болған кезде ұстады, оның қолында басқа мемлекетке ұшу үшін әуе билеттері болды", - делінген ведомство хабарламасында.

ТК мәліметтері бойынша, Блиновская 2019-2021 жылдары жалпы сомасы 918 миллион рубльден асатын салық төлемеген. Ол бизнесті "бөлшектеу" жолымен Интернет арқылы ақпараттық қызметтер көрсетті, деп атап өтті ведомство.

Сонымен қатар, қылмыстық іс шеңберінде кеңседе және күдіктінің тұрғылықты жерінде тінту жүргізіледі. Тергеу жалғасуда.

Сонымен қатар, "112" Telegram арнасының хабарлауынша, Елена Блиновскаяға қарсы қылмыстық іс бір күн бұрын қозғалған.

"Сол кезде Блиновская Алматыда ұшаққа билет сатып алды. Қазақстанға таңғы 5-те ұшып кетуі керек болған. Қауіпсіздік қызметкерлері блогерді елден ұшар алдында ұстауды жоспарлаған, бірақ бәрін алдын ала білген Блиновская маршрутты өзгертті.

Бүгін түнгі сағат бірде Блиновская жүргізушімен бірге "Майбахты" шақырып, жалға алынған көлікпен Беларуське қарай жол тартты. Блиновская Смоленск ауданындағы шекараға жақын жерде ұсталды",-деп атап өтті Telegram арнасы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу