Марал өсіретіндерге субсидия беріледі

1473

Марал өсіретіндерге субсидия беріледі

Ал марал өсіретін шаруашылықтар биыл республикалық бюджеттен субсидия алады. Елімізде бұл жануарлардың 95 пайызы Шығыс Қазақстан облысында мекендейді. Кербұғыларды көбейтіп, олардың мүйізінен панты алатын шаруаларға осы уақытқа дейін тек облыстық бюджеттен қаржылай қолдау көрсетілген болатын.

Қазіргі таңда Шығыс Қазақстанда 18 марал шаруашылығы бар. Олардың басым бөлігі Катон-Қарағай ауданында орналасқан. Бүгінде облыс бойынша барлық маралдардың саны 8 мыңға жуық. Осы саланы қолдау үшін 2009 жылы өңірде арнайы бағдарлама бекетіліп, аймақтық бюджеттен бірнеше жыл субсидия берілген болатын. Бұл қаржы жалпы жағдайды жақсартып жібермесе де, аймақтағы марал шаруашылықтарының көтерілуіне біраз көмек болды. Өңірдегі маралшылар енді Үкіметтің қолдауы жақсы демеу болады деп үміттеніп отыр.

Нұрлан Тоқтаров, Қазақстан марал өсірушілер палатасының төрағасы:

"Өте жақсы жаңалық. Бізге биылдан бастап республикалық бюджеттен әр аналыққа 41 мың теңгеден беретін болып жатыр. қазір ұрықтандыру жұмыстары басталғанда,біз мәлімет береміз, сол бойынша қанша болады, соларға субсидия аламыз деп отырмыз".

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу