Маралды көлін зерттеуге қаржылық қолдау жетіспейді

1757

Шарбақты ауданының әкімі Маралды көлінің емдік қасиеттерін дәлелдейтін ғылыми сараптама өткізуге облыстық жер қойнауын пайдалану басқармасынан қаржылық қолдау танытуды сұрады.

Маралды көлін зерттеуге қаржылық қолдау жетіспейді

Павлодар облысы Шарбақты ауданында акварапктің құрылысы жобасының қымбат болуына байланысты қаражат таппай отырған инвестор көмек сұрауға мәжбүр. Бұл туралы облыс әкімдігінде өткен аппараттық жиын барысында Шарбақты ауданының әкімі Әзілхан Әбеуов мәлім етті , деп хабарлайды pavlodarnews.kz.  

"Көл маңында қазіргі кезде төрт үй салынып, жазда демалушыларды қабылдауға әзірміз. Бұл үйлер екі қабатты, әрбіреуінің көлемі 140 шаршы метрді құрайды", – дейді ол.

Әзілхан Әбеуов Маралды көліне қатысты басқа да жоспарларымен бөлісті. Айталық, көлге дейін Көлбұлақ ауылынан тартылатын 3,3 шақырымдық жол салу жоспарлануда. Автомобильдермен қатар, жаяу жүргінші мен велосипедшілердің еркін жүрісін қамтамасыз ететін бұл трассаның жалпы сомасы 1,4 миллиард теңгені құрайды. Қазірде аталмыш жоба сараптамадан өтуде.

Сонымен бірге, аудан басшысы Маралды көлінің емдік қасиеттерін дәлелдейтін ғылыми сараптама өткізуге облыстық жер қойнауын пайдалану басқармасынан қаржылық қолдау танытуды сұрады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу