Маралды көлінің жағасында туристік аймақ ашылды

1349

Маралды көлінің жағасында туристік аймақ ашылды

Шарбақты ауданына қарасты тұзды көлдің туристік кластерін дамыту жоспары жасалуда. Мұнда әр демалыс сайын 1000-2000 адам келеді, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Тұзды көлдің жағалауын толыққанды туристік орынға айналдыру үшін "СтройБиоРесурс" ЖШС жұмыс жүргізуде. Қазіргі таңда компания ол жерге топырақ төсеп, демалушылардың басынан күн өтпес үшін төрт жасанды шатыр және 100 ағаш тапшан орнатты. Сондай-ақ, келешекте туристер үшін 100 адамға арналған шағын дәмхана жұмыс істейтін болады. Қазіргі таңда сол дәмхана мен би алаңына арналған орындарда құрылыс жұмыстары жүріп жатыр.

"Бұрын демалушылар тұзды көлге шомылғаннан кейін жуынатын тұщы суды өздері алып келетін. Ал, қазір көл жағасына арнайы душ кешені орнатылды, - дейді "СтройБиоРесурс" ЖШС-нің басшысының кеңесшісі Дүйсенбай Дүйсенов. - Келешекте мұнда адамдарды балшықпен емдейтін емдеу-санатория курортын ашуды жоспарлап отырмыз.  Жақында емдеу орталығының құрылыс жоспарын жасаймыз."

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу