Маралды-Шарбақты аралығында тепловоз автокөлікке соқтығысты

849

Маралды-Шарбақты аралығында тепловоз автокөлікке соқтығысты

Кеше Павлодар – Құлынды жол телімінің Маралды-Шарбақты аралығында тепловоз автокөлікпен соқтығысты, деп хабарлайды "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ баспасөз қызметі.
Сағатына 56 шақырым жылдамдықпен жүріп келе жатқан №1514 пойызы жол қозғалысы ережесін бұзып, бағдаршамның тыйым салу белгісіне қарамастан өткелге кіріп кеткен. 
Автокөліктің үш жолаушысы түрлі жарақаттармен жергілікті ауруханаға жеткізілді. Оның бірі қайтыс болды.
Оқиға бойынша арнайы комиссия құрылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу