Маралдыда пантымен емдеу қолға алынды

1290

Былтыр Маралды көлінде 60 мың турист демалған.

 Маралдыда пантымен емдеу қолға алынды

2019 жылдан Павлодар облысындағы Маралды көлінде пантымен емдеу қызметтері көрсетіле бастайды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Шарбақты ауданының әкімі Әзілхан Әбеуовтің айтуынша, былтыр Маралды көлінде 60 мың турист демалған, көл аумағында туризмді дамыту биыл да жалғасын табады.

"2018 жылы біздің курорттық аймаққа 60 мың турист келген. Екі жыл бұрын бұл жаққа панты кесіліп алынып, болашақта пантымен емдеуді қолға алу мақсатында маралдар әкелінген болатын. Бүгін инвестор бұл бағытты жүзеге асыра бастады", – деді әкім есебінде.

Одан басқа, Шарбақты ауданында Ғабдыл-Уахит Хазрет кесенесіне дейін жететін атты маршрут әзірленген болатын. Былтыр осы туристік бағытпен АҚШ-тан келген қонақтар қыдырып қайтқан.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу