Маралдыға маралдар келді

1762

Маралдыға маралдар келді

Лебяжі ауданынан әкелінген маралдар Маралды тұзды көлінің жағажайлық аумағына жақын жерде бейімделетін болады, деп хабарлайды облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.

Жануарлар екі апта бұрын тұзды көлдің  жанына әкелініп, қазір шағын қашада   мекендеп жатыр. 

"Жануарларды Лебяжі ауданынан әкелдік, қазір олар жаңа жағдайға бейімделу үстінде, – деді "Маралды" курортының менеджері Жанар Асылова. - Біз 55 маралды олардың жаңа жерге қалай үйренетінін көрейік деп әкелдік. Болашақта қашаны кеңейтіп, жануарлар басын арттыруды жоспарлап отырмыз". 

Келесі жылы курорт аумағында сауықтыру кешені ашылады. Онда демалушылар маралдың мүйіз қанынан ванналар қабылдай алады. Қазақстандықтар арасында процедураның бұл түрі кең тарамаған, ал Қытай мен Тибетте кеңінен қолданылады.

Маралдың мүйіз қаны аса пайдалы, ол жүрек жұмысын қалыпқа келтіреді, құяң және буын ауруларына шипа. Жанар Асылова атап өткендей, әзірше демалушылар жануарларды зообақтағыдай қызықтай алады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу