Марат Ахметжанов Ақмола облысында су тасқыны қаупі бар аймақты айтты

392

2017 жылы Жібек жолындағы елдімекендерді су басқан.  

Марат Ахметжанов Ақмола облысында су тасқыны қаупі бар аймақты айтты Фото: gov.kz

Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов Үкіметте өткен брифингте өңірдегі су тасқыны қаупі бар аймақты айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Тілші аймақ басшысынан "Ақмола облысында су тасқыны қаупі бар қандай аудандар бар?" деп сұрады.

"Екі апта бұрын Жібек жолы ауылында көшпелі отырыс өткіздік. Өйткені оны ең бір қауіпті аймақ деп есептейміз. Кездесуге Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек және Төтенше жағдайлар, Су ресурстары және ирригация министрлігінің өкілдері қатысты. Қала әкімі су тапшылығы бар жердің қоймаларына су көп жиналса деп жоспарлайды, ал біз үшін бұл қауіпті. Өйткені тасқын болатын болса, ауылдарды су басуы мүмкін. Сондықтан осыны жан-жақты қарап, ғылыми зерттеу мәселелерін, бұрынғы төтенше жағдайларды қарастырып жатырмыз. Мысалы, 2017 жылы су тасқыны болып, Жібек жолындағы елдімекендерді су басқан. Қазір су басқан жерлердегі шағын аудандарда жеке үйлер салынған", - деді Марат Ахметжанов.

Сөзінше, апат айтып келмейді.

"Әрине, біз жан-жақты дайындалып отырмыз", - деп нақтылады Ақмола облысының басшысы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу