Марат Әйтенов бұрынғы әйеліне қарсы арыз жазды

328

Барлық мән-жайды анықтау үшін тергеу амалдары жүргізілмек. 

Марат Әйтенов бұрынғы әйеліне қарсы арыз жазды Фото: ашық дереккөз

Астана полициясының хабарлауынша, Марат Әйтенов экс-жұбайының өзіне дене жарақатын салғанын айтып, оның үстінен арызданған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Азамат А.-дан оның денсаулығына зиян келтірген бұрынғы әйеліне қатысты арыз түсті. Осы фактілерді тексеру үшін қылмыстық іс қозғалды. Дене жарақатының бар-жоғын және дәрежесін анықтау үшін сараптама тағайындалды", - делінген хабарламада.

Барлық мән-жайды анықтау үшін тергеу амалдары жүргізілмек.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу