Марат Әйтеновтің балаларына психологиялық көмек көрсетілетін болды

277

Уәкілетті органдар Дана Әтешоваға заңгерлік кеңес береді.  

Марат Әйтеновтің балаларына психологиялық көмек көрсетілетін болды Фото: golos-naroda.kz

Балалар омбудсмені Динара Зәкиева Шымкент қаласының бұрынғы әкімі Мұрат Әйтеновтің ағасы Марат Әйтеновтің балаларына психологиялық көмек көрсетілетінін айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

"Мен 12 шілдеде хабарлағанымдай, Дана Әтешова және оның балаларымен болған фактілер бойынша прокуратураға жүгіндім. Зорлық-зомбылық дерегі бойынша іс-әрекеттер жиынтығын ескере отырып, әкімшілік іс жүргізіліп, қылмыстық іс қозғалды. Әкімшілік іс бойынша сот шешім шығарды, ал менің білуімше, жаңа заңға сәйкес қозғалған қылмыстық іс бойынша материалдар жақында сотқа берілуі тиіс. Бұдан бөлек болған оқиға атқарушылық іс жүргізу туралы заңнаманы бұзумен байланысты. Заңда атқарушылық іс жүргізу тараптары мен мемлекеттік органдар өкілдерінің ғана қатысуы көзделеді, бұрынғы жұбайы және басқа да адамдар бұл қатарға кірмейтіні өздеріңізге мәлім. Бұл дерек бойынша тексеру жүргізіліп жатыр. Сонымен қатар уәкілетті органдар өкілдерінің іс-әрекеттеріне байланысты қызметтік тексеру жеке жүргізіледі. Барлық болған оқиғадағы ең қорқыныштысы – балалардың басынан өткен психологиялық жарақат", - деп жазды Балалар омбудсмені өзінің Facebook-тегі парақшасында.

Динара Зәкиева бұл күндері балаларға психологиялық көмек, аналарға балалар мәселелері бойынша қажетті заңгерлік кеңес беруді ұйымдастыру мәселелері пысықталғанын айтты. 

"Мен маусым айының ортасында Данаға ақпарат жіберуін сұрап жаздым, себебі әлеуметтік желілерде орналастырылған бейнежазбаны көрдім. Осылайша балаларға қатысты бөлікке назар аудара отырып, уәкілетті органға өтініш жолдадым. Сонымен бірге, сот мәселесі мүліктік сипатқа ие болды, не сот шешіміне ешкім әсер ете алмайтыны белгілі, ал шағымдану үшін белгілі бір тәртіп бар. Ажырасу процесі көбінесе отбасылардағы түрлі жағдайлармен қатар жүреді, алайда балалардың осындай азабын түсіндіруге, ақтап алуға болмайды. Себебі зорлық-зомбылыққа жол жоқ", - деді Динара Зәкиева.

Айта кету керек, осыған дейін Шымкент қаласының бұрынғы әкімі Мұрат Әйтеновтің ағасы Марат Әйтеновке қатысты қылмыстық іс қозғалғанын жазған болатынбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу