ҚР әділет министрі Марат Бекетаев Қазақстанның Еуропалық бизнес қауымдастығы алаңында EUROBAK құрамына кіретін компания өкілдерімен кездесті, деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметі.
Шара барысында Марат Бекетаев министрліктің заң жобалау қызметі және осы процеске бизнес қоғамдастығы мен ҮЕҰ қатысуы туралы айтып өтті.
Сондай-ақ, кездесуде адвокатура және құқықтық көмек туралы жаңа заңның құқық қолдану тәжірибесі сұрақтары талқыланды.
Айта кетсек, Қазақстанның Еуропалық бизнес қауымдастығы (EUROBAK) - еуропалық компаниялар және Еуропалық одақ делегациясының бастамасымен 1999 жылы құрылған коммерциялық емес ұйым. ҚЕБҚ өз құрамына 150-ден астам компанияны біріктірді, олардың ішінде: әлемге әйгілі халықаралық, еуропалық және қазақстандық компаниялар, Еуропадағы және әлемнің басқа елдеріндегі дипломатиялық миссиялар бар.