Экс-министр Марат Бекетаевты қамауда ұстау мерзімі тағы ұзарды, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты Астана сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"12 қаңтарда Астананың мамандандырылған ауданаралық тергеу соты күдікті Бекетаев М.-ға қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын 2024 жылғы 21 ақпанға дейін ұзартуға санкция берді", - деді астаналық соттың баспасөз қызметі.
Еске салайық, 2023 жылғы 21 қазанда бұрынғы әділет министрі Марат Бекетаевтың "лауазымдық өкілетін асыра пайдаланды" күдікпен ұсталғаны белгілі болды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу