Марат Ирменов Алматыдағы ҰҚК басшысы болып тағайындалды

1456

Тағайындауға дейін ол Жамбыл облысы бойынша ҰҚК-ны басқарған. Бұл туралы ҚР ҰҚК баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды inbusiness.kz. 

Марат Ирменов Алматыдағы ҰҚК басшысы болып тағайындалды

"Марат Ирменов Алматыдағы ҰҚК басшысы болып тағайындалды", - деді агенттікте.

Алматы қаласы бойынша ҰҚК-ның баспасөз қызметі департамент басшысы Марат Ирменовтің тағайындалғанын растады.  

Бұл тағайындауға дейін Марат Ирменов Жамбыл облысы бойынша ҰҚК-ны басқарған. Онда ол 2020 жылдың ақпанында Қордай ауданындағы тәртіпсіздіктерден кейін тағайындалған. 

2016-2020 жылдары Ақтөбе облысы бойынша ҰҚК-ның департамент басшысы болды.  Ал бұған дейін Алматы қаласы бойынша ҰҚК бастығының бірінші орынбасары қызметін атқарған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу