ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Марат Қарабаев қаладағы 2-Жылу электр орталығы мен астанадағы кәріз-тазарту жүйелерінің жұмысын тексерді, деп хабарлайды inbusiness.kz.
Халықты жылумен қамтамасыз етіп отырған электр орталығы сонау 1979 жылы салынған. Аталған кәсіпорында 900-ге жуық адам жұмыс істейді.
"Елордадағы кәріз-тазарту жүйесіне тоқталатын болсақ, Астанадағы 2 кәріз-тазарту жүйесінің құрылысын биыл қолға алып, 3 жылдың ішінде жүзеге асыру көзделген. Жобаны республикалық бюджеттен берілетін нысаналы трансферттер есебінен іске асыру жоспарланып отыр. Елорданың қарқынды дамуын ескерсек, қала әкімдігімен бірлескен жұмыс қолайлы әрі заманауи қалалық ортаны құруға бағытталған шараларды тиімді іске асырудың негізгі жолдарын әзірлеуге септігін тигізетінін атап өткен жөн", – деп хабарлады министрлік.