"Мемлекет басшысының жарлығымен Марат Кәрімжанұлы Қарабаев Қазақстан Республикасының Көлік министрі лауазымына тағайындалды", - делінген жарлықта.
1987 жылғы 4 шілдеде дүниеге келген.
2008 жылы Ташкент автомобиль-жол институтын ғимараттар мен құрылыстар салу мамандығы бойынша, 2010 жылы Уорвик университетін (Ұлыбритания) өндірістік-жүйелік инженерия мамандығы бойынша, 2015 жылы М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін экономика мамандығы бойынша тәмамдаған.
Еңбек жолын 2011 жылы ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитетінің тағылымдамадан өтушісі, сарапшысы болып бастады.
2011 жылғы тамыздан 2013 жылғы наурызға дейін – ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Технологиялар және энергия үнемдеу департаментінің сарапшысы, бас сарапшысы.
2013 жылғы наурыздан қарашаға дейін – ҚР Көлік және коммуникация министрлігі Транзит және көлік логистикаcы департаменті Транзит саясаты басқармасының басшысы.
2013 жылғы қарашадан 2014 жылғы маусымға дейін – ОҚО әкімдігі жанындағы "Максимум" өңірлік инвестициялық орталығы" ЖШС басқарма төрағасының кеңесшісі.
2014 жылғы маусымнан 2015 жылғы қазанға дейін – Оңтүстік Қазақстан облысы Кәсіпкерлік, индустриялық-инновациялық даму және туризм басқармасы басшысының орынбасары.
2015 жылғы қарашадан 2017 жылғы наурызға дейін – Оңтүстік Қазақстан облысы Кәсіпкерлік, индустриялық-инновациялық даму және туризм басқармасының басшысы.
2018 жылғы мамырдан 2020 жылғы шілдеге дейін ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Қорғаныс өнеркәсібі кешенін дамыту департаментінің директоры, 2019 жылғы маусымда Департамент функциялары Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінен берілді.
2020 жылғы шілдеден 2021 жылғы шілдеге дейін – ҚР ИИДМ Индустриялық даму комитетінің төрағасы.
2021 жылғы шілдеден 2023 жылғы қаңтарға дейін – ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі.
ҚР Президентінің 2023 жылғы 4 қаңтардағы Жарлығымен ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі болып тағайындалды.
2023 жылғы 4 сәуірде ҚР Президентінің Жарлығымен Қазақстан Республикасының индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі болып қайта тағайындалды.