Марат Кенжеханов "Банк ЦентрКредит" АҚ Басқармасының құрамына кірді

660

ЦКБ-нің жаңа топ-менеджері ІТ және маркетинг бағытына жетекшілік етеді.

Марат Кенжеханов "Банк ЦентрКредит" АҚ Басқармасының құрамына кірді

2020 жылғы 3 наурызда ЦентрКредит Банкінің Директорлар кеңесінің қаулысымен Марат Кенжеханов Басқарма төрағасының орынбасары, Басқарма мүшесі болып тағайындалды. Бұл туралы банктің баспасөз қызметі хабарлады.

"Біздің қатарымызға Марат Тулеугазыевичтің қайта қосылғанына қуаныштымыз.
Оның карьерасы ЦентрКредит Банкімен тығыз байланысты, ол кіші кредит офицері позициясынан бастап, қысқа мерзім ішінде жоғары басқарушы лауазымдарға көтеріліп, кәсіби тұрғыда үлкен серпін жасады. Кенжеханов мырзаның жоғары деңгейдегі кәсібилік, сондай-ақ тамаша көшбасшылық және адамгершілік қасиеттерін біз жақсы білеміз. Қазіргі уақытта Банк дамудың жаңартылған стратегиясын іске асыруда және біз Басқарманың
жаңа мүшесінің басқарушылық тәжірибесі Банкке озық, технологиялық қаржы институты ретінде дамуына сапалы серпін беретініне сенімдіміз", – деп атап өтті ЦентрКредит Банкінің Басқарма төрағасы Ғалым Хұсаинов.

Марат Кенжеханов Қазақ мемлекеттік басқару академиясын "Қаржы және кредит"
мамандығы бойынша, сондай-ақ Халықаралық бизнес академиясын "Менеджмент" мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек өтілін Қазақ мемлекеттік басқару академиясында Банк ісін ұйымдастыру кафедрасының оқытушысы ретінде бастаған. Одан кейін М. Кенжеханов "Банк ЦентрКредит" АҚ-та ұзақ жылдар бойы нәтижелі қызмет атқарды. Кейінірек – "Еуразиялық банк" АҚ-та Басқарма төрағасының орынбасары ретінде жұмыс
істеді.

03.12.2019 ж. бастап "Банк ЦентрКредит" АҚ Басқарма төрағасының кеңесшісі
лауазымында болды. Қазіргі уақытта Банктің Басқармасы келесі құрамда жұмыс істейді:

1. Хұсаинов Ғалым Абильжанович – Басқарма төрағасы
2. Асылбек Ержан Асылбек Ұлы – Басқарма мүшесі
3. Владимиров Руслан Владимирович – Басқарма мүшесі
4. Ишмуратов Тимур Жаксылыкович – Басқарма мүшесі
5. Кенжеханов Марат Тулеугазыевич – Басқарма мүшесі
6. Maszczyk Roman – Басқарма мүшесі

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу