Марат Күлдіков ҚР Төтенше жағдайлар вице-министрі болып тағайындалды

567

Марат Күлдіков 1967 жылы Семей облысында туған.  

Марат Күлдіков ҚР Төтенше жағдайлар вице-министрі болып тағайындалды

ҚР Үкіметінің Қаулысымен Күлдіков Марат Мұхаметқалиұлы Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар вице-министрі қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды ҚР Премьер-министрінің баспасөз қызметі.

Марат Күлдіков 1994 жылы ҚР ІІМ Алматы жоғары техникалық училищесін "өрттен қорғану техникасы және оны ұйымдастыру" мамандығы бойынша, 2000 жылы ҚР ТЖК Көкшетау техникалық институтын "өрт қауіпсіздігі" мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1989 жылы Семей қаласын күзету жөніндегі ІІБ №79 әскерилендірілген өрт сөндіру бөліміне бағынышты өрт сөндіруші болып бастады. 1993-2008 жылдары Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарында орта және аға басшы құрамының түрлі лауазымдарын атқарды.

2008-2012 жж. — Шығыс Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары, Семей қаласының Төтенше жағдайлар басқармасының бастығы.

2012-2014 жж. — Жамбыл облысының Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы.

2014-2016 жж. — Батыс Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы.

2016-2019 жж. — ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитеті төрағасының орынбасары.

2019 жылдан қазіргі уақытқа дейін Төтенше жағдайлар комитеті төрағасының бірінші орынбасары қызметін атқарды.  

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу