Марат Күлдіков Төтенше жағдайлар вице-министрі қызметінен босатылды

658

56 жастағы генерал-майор отставкаға кету туралы өтініш берген еді. 

Марат Күлдіков Төтенше жағдайлар вице-министрі қызметінен босатылды Фото: gov.kz

Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады inbusiness.kz.

"ҚР Үкіметінің қаулысымен Марат Күлдіков берген өтінішіне сәйкес ҚР төтенше жағдайлар вице-министрі қызметінен босатылды", - делінген хабарламада.

Марат Күлдіков 2020 жылдың қазан айынан бастап осы уақытқа дейін ҚР төтенше жағдайлар вице-министрі қызметін атқарды.

Айта кету керек, осыған дейін Төтенше жағдай вице-министрі Марат Күлдіковтің өз еркімен қызметінен босату туралы өтініш бергенін жазған болатынбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу