Марат Нұрғожин: Бізге бизнес пен ғылым арасына көпір салу қажет

895

"Ғылым қорына" көпір қызметін атқару міндеті ұсынылды. 

 Марат Нұрғожин:  Бізге бизнес пен ғылым арасына көпір салу қажет

"Бизнес пен ғылым екі жағада жүр". Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Марат Нұрғожин елордада өтіп жатқан халықаралық форумда осылай деді. 

Оның сөзінше, бизнес пен ғылым арасындағы байланыс көңіл көншітпейді. 

"Бизнес пен ғылым екі жағада жүр. Маған осылай болып көрінеді. Екеуінің арасында байланыс бар, бірақ ол тым әлсіз. Бізге бизнес пен ғылым арасына көпір салу қажет. Көпірдің міндетін "Ғылым қоры" атқаруға тиіс", – деді Марат Нұрғожин.

Вице-министрдің мәлімдеуінше, ғылым бизнесті күтіп отыра бермеуі керек. Ғалымдарға бизнеске қарай қадам жасау қажет.  

"Ғылым коммерцияланғанда ғана пайдалы болады. Индустриялық революция ғылыми жаңалық ашылғанда және қолданысқа енгізілгенде ғана игілікке айналады. Ғылымды коммерцияландыру мәселесі өзектілігін жойған жоқ. Ол күн тәртібінде тұр. Біздің ел зияткерлік меншік құқығы бойынша әлем бойынша 139 елдің ішінде 56 - орында тұр. Біз үздік елулілікке де енбегенбіз", – деді Марат Нұрғожин.

Қанат Махамбет

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу