Марат Омаров: Қазақстанның монополияға қарсы тәжірибесі өте мықты

245

Цифрлық монополия бойынша қазір нақты ұсыныстар жоқ.  

Марат Омаров: Қазақстанның монополияға қарсы тәжірибесі өте мықты Фото: gov.kz

Бұл туралы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы Марат Омаров Астанада өткен XI Еуразиялық монополияға қарсы форум кулуарында айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Тілшілер "Қазақстанның заңы көрші елдерге қарағанда жұмсақ па?" деп сұрады.

"Салыстырмалы түрде алсақ, бізде икемді емес. Біздің заңда нақты жазылған. Бұзушылықтар болса да, бізде үлкен айыппұлдар салынады. Салыстырмалы түрде Қазақстанның монополияға қарсы тәжірибесі өте мықты. Оны мойындау керек. Біздің әріптестер сол туралы айтты", – деді Марат Омаров Астанада өткен XI Еуразиялық монополияға қарсы форум кулуарында.

БАҚ өкілдері цифрлық монополияны реттеуге қатысты мәселені де нақтылады.

"Цифрлық монополия туралы қазір нақты ұсыныстар жоқ. Өйткені біз қазір тәжірибелерді зерттеп жатырмыз", – деді Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу